Головкин карьерасын аяқтайтынын мәлімдеді

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) карьерасының аяқталуына байланысты мәлімдеме жасады, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) карьерасының аяқталуына байланысты мәлімдеме жасады, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
"Қалай болғандада мен жуырда карьерамды аяқтаймын. Альварестің көмегімен болсын, басқалай болсын. Шындыққа тура қарайық. Менің жасым 40-қа келді. Зейнет уақыты жақындап қалды", - деп келтіреді Головкиннің сөзін Fighter Channel телеграм-арнасы.
Айта кетейік, Головкин келесі кездесуін 17 қыркүйек күні Лас-Вегас (АҚШ) қаласында T-Mobile Arena спорт кешенінде мексикалық Сауль "Канело" Альвареске (57-2-2, 39 КО) қарсы өткізеді.
Жарнама