WBA ұйымының президенті Джилберто Мендоса WBC ұйымымен бірлесе алдағы уақытта суперорта салмақта әлемнің абсолют чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварестің (57-2-2, 39 КО) міндетті қарсыласын анықтауға ниетті екенін айтты, деп жазады vRINGe.com порталы.
Дереккөздің ақпараты бойынша, Мендоса америкалық Давид Бенавидес (26-0, 23 КО) пен кубалық Давид Моррел (7-0, 6 КО) арасында WBC/WBA белбеулері үшін кездесу өткізгісі келеді екен.
"Бенавидес - екі дүркін WBC белбеуінің иегері болды. Ол қазіргі уақытта уақытша чемпион. Ал Моррелде WBA World белбеуінің иегері. Мендоса бұл боксшылар арасындағы кездесуді ұйымдастырғысы келеді. Бірақ "Канело" чемпиондық белбеулерінен қыркүйек айында Геннадий Головкинмен өтетін кездесуінде айырылып қалуы мүмкін емес пе? Сондықтан Бенавидес пен Моррел кездесуін шамалы күте тұру керек", - деп жазады басылым.