Головкин "Канелоны" жеңсе қандай сезімде болатынын айтты

WBA Super, IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин SerEbro EnlosDeportes-ке берген сұхбатында 17 қыркүйектегі үшінші жекпе-жегінде Сауль "Канело" Альваресті жеңетін болса, оны ерекше оқиға ретінде қабылдамайтынын хабарлады.

Жекпе-жек отандысымыз үшін сәтті аяқталса, GGG екінші орта дивизионда абсолют әлем чемпионы атанады. Қазіргі уақытта бұл салмақтың барлық негізгі атаулары Альвареске тиесілі.
- Альваресті жеңетін болсаңыз, қандай сезімде боласыз деп ойлайсыз?
- Шынымды айтсам, білмеймін. Әрине, мен риза боламын, қуанышты боламын. Кез-келген жеңісім де сондай. Егер осы жекпе-жекте жеңсем, бұл керемет болады. Ерекше ештеңе жоқ. Бірақ керемет болады.
Жарнама