Головкин "Канеломен" өткен бірінші кездесуде қандай қателік жасағанын айтты
Геннадий Головкин. Сурет: boxingscene.com
Орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (49-1-2, 34 КО) өтетін екінші кездесудің алдында бірінші жекпе-жекте қандай қателіктер жібергенін айтты.
Головкин мен "Канело" арасындағы бірінші кездесу Лас-Вегастағы T-Mobile спорт кешешінде өткен еді. 12 раундтың қорытындысы бойынша төрешілер тең нәтижені тіркеді. Енді бұл екі боксшылар арасындағы екінші кездесу 5-мамыр күні сол Лас-Вегас қаласында өтеді.
"Бірінші жекпе-жек "Канело" екеуміз үшін де сәтті болған жоқ. Біз жаттығу кезінде жоспарлаған дүниені іске асыра алмадық. Сондықтан да кездесу 12 раундқа созылды. Екінші кездесу - менің өмірімдегі басты жекпе-жектердің бірі. Бұл тарихи кездесу болмақ. Бұл кездесу менің нағыз чемпионы екенімді көрсететін мүмкіндік. Мен бұл кездесуде ештеңе дәлелдемеймін. Тек жеңіске жетіп, белбеулерімді қорғап, чемпион болып қалғым келеді.
Біз бірінші раундтарда бір-бірімізді ұзақ зерттедік. "Канелоның" қауіпті қарсылас екенін білемін. Бірақ мен бұл кездесудің өткенін қалаймын және бұл айқаста жеңіске жеткім келеді. Мен бокс мақтан тұтатын жекпе-жек өткізгім келеді. Мен нокаутпен жеңіске жеткім келеді. Дегенмен нокаут болады деп болжағым келмейді. Бұл жолы жеңіс мен жақта болу үшін, мен одан мықты болуы керекпін. Бірақ міндетті түрде нокаутқа түсіру керек емеспін", - деп келтіреді Головкиннің сөзін ESPN.
Өз кезегінде "Канело" да бұл кездесуде Головкинді нокаутқа түсіруге уәде берді. Мексикалықтың айтуынша, ол бірінші кездесудің нәтижесімен келіспейді екен. Енді ол екінші кездесуде қазақстандықты нокаутқа түсіруге ниетті.

Жарнама