Профи-бокс
4 шілде 2017 10:48
 
Головкин "Канеломен" жекпе-жекке дайындығын бастады

  Пікірлер

blog.share

Головкин "Канеломен" жекпе-жекке дайындығын бастады © vk.com/ggolovkin

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (49-1-1, 34 КО) өтетін жекпе-жекке дайындық жаттығуларын бастады, - деп хабарлайды Vesti.kz. Бұл туралы оның бапкері Абель Санчес мәлімдеді. Жаттығу процесі әдеттегідей Калифорниядағы Big Bear кешенінде өтеді.

"Ертең ол жаттығу лагеріне келеді. Біз жаттығуларды бастаймыз. Мен оның мықты болуы үшін жаттығуларға бар күшін салатынына сенемін. Қарсылас та осы мәселені ескеруі тиіс. Бізде "Канелоны" соңғы раундтарда құлатуға немесе төрешілер шешімімен жеңіске жетеміз деген үміт бар", - деп жазды boxingnews24.com Санчесті сөзін.

Айта кетейік, Головкин - "Канело"  жекпе-жегі 16 қыркүйек күні Лас-Вегаста (АҚШ, Невада) T-Mobile Arena аренасында өтеді, екі боксшы арасындағы жекпе-жек өтетіні ресми түрде жарияланды.

Сауль Канело Альвареске қарсы жекпе-жекте Геннадий Головкин орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO чемпиондық атақтарын қорғайды. Мексикалық "The Ring" журналының белбеуін бәске тігеді.

Жарнама

Живи спортом!