Профи-бокс
26 маусым 2017 12:20
 
Головкин "Канеломен" болатын жекпе-жекке дайындықты бастағанын хабарлады

  Пікірлер

blog.share

Головкин "Канеломен" болатын жекпе-жекке дайындықты бастағанын хабарлады © boxingscene.com

Орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альвареске қарсы кездесуге дайындықты бастайтын кезді асыға күтіп жүргенін хабарлады. 

"Мен жаттығу лагеріне қайта оралдым. Дайындықты тез бастағым келеді. Өйкені, "Канелоға" қарсы кездесуі - менің карьерамдағы ең үлкен жекпе-жек. Барлық жанкүйерлер big drama show болады деп кездесуді асыға күтіп жүр. Мен Альваресті жақсы білемін. Ол да мені жақсы біледі. ол өте мықы боксшы. Бұл екеуміз үшін де, бокс үшін де керемет жекпе-жек болайын деп тұр", - деп келтіреді Головкиннің сөзін Boxingnews24.com.

Бұған дейін америкалық БАҚ Головкиннің жаттығуға шілде айының ортасында кірісетінін хабарлаған болатын. Сегізапталық жаттығу кезінде ол алдымен физикалық дайындығын қалыпқа келтірсе, соңы үш аптаға спарринг өткізеді. 

Ал "Канело" болса Головкинге қарсы өтетін кездесуге дайындықты бастап кетті. Айта кетейік, бұл кездесу 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы T-Mobile спорт кешенінде өтеді. АҚШ жерінде жекпе-жекті HBO арнасы ақылы жүйе бойынша (PPV) көрсетеді. 

Жарнама

Живи спортом!