Профи-бокс
21 маусым 2017 11:19
 
Головкин - "Канело" кездесуінің билеттері сатылымға қашан шығатыны белгілі болды

  Пікірлер

blog.share

WBA(Super) IBО IBF WBC тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің (37-0, 33 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альварестің (49-1-1, 34 КО) арасында өтетін жекпе-жегінің билеттері 22 маусым күні Астана уақыты бойынша 23:00-де сатылымға ресми түрде шығадығ, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

Билеттер 300, 500, 700, 800, 1500, 2000, 2500 және 5000 доллардан сатылады. Дегенмен 300 және 500 долларлық билеттен бір адам тек екеуін, ал 700, 800, 1500, 2000, 2500 және 5000 долларлық билеттен бір адам онын сатып ала алады. 

Еске салайық, Головкин мен "Канело" арасындағы кездесу 16 қыркүйек күні 20 мың жанкүйерге арналған Лас-Вегастағы T-Mobile Arena аренасында өтеді. Бұл спорт кешенінде мексикалық боксшы екі рет жекпе-жек өткізсе, қазақстандық боксшы бірінші рет жұдырықтасады.

Жекпе-жекте Головкинге тиесілі төрт чемпиондық белбеудің барлығы ортаға салынады. Ал "Канело" болса The Ring журналының арнайы белбеуін қояды. HBO телеарнасы кездесуді ақылы жүйе бойынша (PPV) тікелей эфирде көрсетеді.

Жарнама

Живи спортом!