Профи-бокс
4 сәуір 2018 10:46
 
Головкин "Канело" жекпе-жектен бас тартқаннан соң келесі кездесуін қашан өткізетінін айтты

  Пікірлер

blog.share

Головкин "Канело" жекпе-жектен бас тартқаннан соң келесі кездесуін қашан өткізетінін айтты Геннадий Головкин. Сурет: HBO Boxing

Орта салмақтағы WBC, WBA (Super), IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) келесі кездесуін қашан өткізетінін хабарлады, деп жазады Vesti.kz порталы. 

Қазақстандық боксшы келесі кездесуін 5-мамыр күні Лас-Вегаста (АҚШ, Невада штаты) өткізеді. Бұл күні Мексика еліндегі ең маңызды мейрамдардың бірі - Синко де Майо тойланады. 

"Мен өз белбеулерімді Синко де Майо мерекесінде Лас-Вегаста қорғаймын. Ресми түрде жуық арада хабарлаймыз", - делінген Головкиннің ресми твиттерінде. 

Негізі Головкин әу баста 5-мамыр күні мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (49-1-2, 34 КО) өткізуі керек еді. Екінші кездесу Лас-Вегастағы T-Mobile спорт кешенінде өтеді деп жоспарланған. Ал НВО арнасы айқасты ақылы жүйе бойынша (PPV) көрсету керек болған. 

Ақпан айында Альварестің екі допинг сынамасы кленбутерол дәруменіне оң нәтиже беріп, Невада штатының Атлетер комиссиясы (NSAC) оны уақытша жекпе-жектерден шеттетті. Оның ісіне байланысты тыңдалым 18-сәуірде өтеді. Мексикалық боксшы бір жылға бокстан шеттетілуі мүмкін. 

Бүгін Альварес Головкинмен өтетін екінші кездесуден бас тартатынын хабарлады. Ол жаза мерзімі аз болады деп үміттеніп, шаршы алаңға тамыз немесе қыркүйей айында оралуға ниетті. Мексикалық боксшы сондай-ақ толық ақталғаннан кейін Головкинмен екінші рет кездесуге ниетті екенін айтты. 

Бұған дейін Головкиннің командасы Лас-Вегастағы MGM спорт кешенінде жекпе-жек өткізуге өтініш білдірген болатын. Ал қазақстандық боксшының промоутері Том Леффлер болса билет алып қойған жанкүйерлерді билеттерін кері қайтармауды сұрады. 

Ал өз кезегінде Головкинмен кездесу өткізуге бірнеше боксшы дайын екенін айтты. Олардың қатарында америкалық боксшылар Джермалл Чарло, Деметриус Андраде, украиналық Сергей Деревянченко, ирландиялық Гэри О'Салливан, бразилиялық Ямагучи Фалькао, екінші орта салмақтағы WBO чемпионы Хильберто Рамирес және кіші Хулио Сезар Чавес бар. 

Жарнама

Живи спортом!