Профи-бокс
30 мамыр 2017 11:32
 

Головкин - "Канело" жекпе-жегінің PPV сатылымынан қанша пайда түсуі мүмкін?

  Пікірлер

blog.share

Головкин - "Канело" жекпе-жегінің PPV сатылымынан қанша пайда түсуі мүмкін? ©Bleacher Report

Boxing247.com порталының тілшісі Джеймс Слейтер орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес (49-1-1, 34 КО) арасындағы жекпе-жегінің қанша көрермен ақылы түрде (PPV жүйесі арқылы көру) көруі мүмкін екенін болжап көрді. 

Еске салайық, бұған дейін мексикалық боксшының промоутері Оскар Де Ла Хойя бұл жекпе-жектің ақылы сатылымын үш миллионға жуық көрермен көретінін айтқан болаты. Егер бұл болжам дәл келетін болса, онда Головкин - "Канело" кездесу бокс тарихында Мейвезер мен Пакьяо арасында өткен кездесуден кейінгі екінші табысты жекпе-жек болмақ. Дегенмен тілші алдағы кездесу мұндай көрсеткішті көрсетеді дегенге күмәнмен қарайтынын мәлімдеп отыр. 

"Қазір бұл жекпе-жектің қай жерде өтуі маңызды емес. Қзаір Оскар Де Ла Хойяның кездесуге болжаған PPV сатылымы маңыздырақ болып тұр. Ол үш миллион көрермен деп болжады. Әрине, "Канелоның" өз жанкүйерлер тобы бар. Тіпті кейбір жекпе-жектерде миллион ақылы сатылымға қол жеткізді. Ал Мейвезермен өткізген кездесуде 2,2 миллион көрермен жинады. 

Бірақ Головкин pound-for-pound бойынша үздік боксшы болғанымен, жоғарыдағы көрсеткіштердің маңына да жолған жоқ. Альвареске қарсы кездесу, оның карьерасындағы басты жекпе-жектердің бірі болады. Дегенмен "Канелоның" атағына қарамастан, бұл кездесудің үш миллион көрермен жинауы мүмкін емес. Екі миллионға жақындауы ықтимал. Бір және екі миллион арасындағы көрсеткіш шындыққа жақындау сияқты. Бір нәрсе анық: Мейвезер мен Пакьяо жинаған 4,6 миллиондық рекордтық көрсеткіштің мұрты бұзылмайды" , - дейді тілші. 

Айта кетейік, қазіргі уақытта "Канелоның" кіші Хулио Сезар Чавеске қарсы өткізген жекпе-жегіндегі PPV сатылымының көрсеткіші әлі нақты жарияланған жоқ. ESPN арнасының мәліметі бойынша, бұл кездесуді 1,2 миллион көрермен ақылы жүйе бойынша тамашалапты. 

Ал Головкиннің соңғы америкалық Дэниэль Джейкобсқа (32-2, 20 КО) қарсы өткізген кездесуін 170 мың көрермен ақылы жүйе бойынша көрген. 








blog.share
Boxing247.com порталының тілшісі Джеймс Слейтер орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин
 (37-0, 33 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес (49-1-1, 34 КО) арасындағы жекпе-жегінің қанша көрермен ақылы түрде (PPV жүйесі арқылы көру) көруі мүмкін екенін болжап көрді. 

Еске салайық, бұған дейін мексикалық боксшының промоутері Оскар Де Ла Хойя бұл жекпе-жектің ақылы сатылымын үш миллионға жуық көрермен көретінін айтқан болаты. Егер бұл болжам дәл келетін болса, онда Головкин - "Канело" кездесу бокс тарихында Мейвезер мен Пакьяо арасында өткен кездесуден кейінгі екінші табысты жекпе-жек болмақ. Дегенмен тілші алдағы кездесу мұндай көрсеткішті көрсетеді дегенге күмәнмен қарайтынын мәлімдеп отыр. 

"Қазір бұл жекпе-жектің қай жерде өтуі маңызды емес. Қзаір Оскар Де Ла Хойяның кездесуге болжаған PPV сатылымы маңыздырақ болып тұр. Ол үш миллион көрермен деп болжады. Әрине, "Канелоның" өз жанкүйерлер тобы бар. Тіпті кейбір жекпе-жектерде миллион ақылы сатылымға қол жеткізді. Ал Мейвезермен өткізген кездесуде 2,2 миллион көрермен жинады. 

Бірақ Головкин pound-for-pound бойынша үздік боксшы болғанымен, жоғарыдағы көрсеткіштердің маңына да жолған жоқ. Альвареске қарсы кездесу, оның карьерасындағы басты жекпе-жектердің бірі болады. Дегенмен "Канелоның" атағына қарамастан, бұл кездесудің үш миллион көрермен жинауы мүмкін емес. Екі миллионға жақындауы ықтимал. Бір және екі миллион арасындағы көрсеткіш шындыққа жақындау сияқты. Бір нәрсе анық: Мейвезер мен Пакьяо жинаған 4,6 миллиондық рекордтық көрсеткіштің мұрты бұзылмайды" , - дейді тілші. 

Айта кетейік, қазіргі уақытта "Канелоның" кіші Хулио Сезар Чавеске қарсы өткізген жекпе-жегіндегі PPV сатылымының көрсеткіші әлі нақты жарияланған жоқ. ESPN арнасының мәліметі бойынша, бұл кездесуді 1,2 миллион көрермен ақылы жүйе бойынша тамашалапты. 

Ал Головкиннің соңғы америкалық Дэниэль Джейкобсқа (32-2, 20 КО) қарсы өткізген кездесуін 170 мың көрермен ақылы жүйе бойынша көрген. 








Жарнама

Живи спортом!