Профи-бокс
18 қыркүйек 2017 10:49
 
Головкин - "Канело" жекпе-жегіне T-Mobile аренасына келушілер саны рекорд орнатты

  Пікірлер

blog.share

Головкин - "Канело" жекпе-жегіне T-Mobile аренасына келушілер саны рекорд орнатты Лас-Вегастағы T-Mobile аренасы Vesti.kz/ Тұрар Қазанғапов

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес жекпе-жегі өткен Лас-Вегастағы T-Mobile аренасына бокс кешіне келушілер саны белгілі болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ESPN мәліметінше, бокс кешін 22 358 адам тамашалаған, бұл дегеніміз бокс кешіне ұйымдастыррылған T-Mobile аренасы үшін рекордтық көрсеткіш. Сондай-ақ Головкин Лас-Вегаста бірінші рет жекпе-жек өткізді. 

Үш апта бұрын осы аренада Флойд Мейвезер мен Конор МакГрегор жекпе-жегі өткен кезде небәрі 14 623 адам келген еді. Ал, мамырда осы аренада "Канело" мен Хулио Сезар Чавес арасында жекпе-жек өткен болатын, ол шараға 20 510 адам келген еді.  

Айта кетейік, Лас-Вегаста өткен жекпе-жек 12 раундтан тұрды. Жекпе-жек қорытындысы бойынша Головкин мен Альварес тең түсіп, Головкин барлық титулын сақтап қалды.

Сондай-ақ, кейінірек жекпе-жектің толық видеосы жарияланды. Сонымен қатар, Спорттық комиссия басшысы "Канелоның" пайдасына дауыс берген төрешіні шеттетті.

Жарнама

Живи спортом!