Профи-бокс
12 маусым 2017 10:38
 
Головкин - "Канело" бокс кешінде аргентиналық боксшы Лукас Матиссе өнер көрсетуі мүмкін

  Пікірлер

blog.share

Головкин - "Канело" бокс кешінде аргентиналық боксшы Лукас Матиссе  өнер көрсетуі мүмкін ©allboxing.ru

Ең жеңіл салмақта WBC тұжырымының бұрынғы чемпионы Лукас Матиссе (38-4, 35 КО) Головкин мен "Канело" арасында өтетін бокс кешінде шаршы алаңға шығуы мүмкін, деп хабарлайды boxingscene.com

Аргентиналық боксшы өзінің соңғы кездесуін Сауль "Канело" Альварес пен кіші Хулио Сезар Чавес арасында өткен бокс кешінде өткізген. Енді қазіргі уақытта "Канелоның" кезекті жекпе-жек кеші барысында шаршы алаңға шығу туралы келіссөздер жүргізіп жатыр. 

"Головкин мен "Канело" арасындағы бокс кешінде шаршы алаңға шықсам керемет болар еді. Бұл керемет бір бокс кештерінің бірі болады. Мен Аргентин елінің туын қорғауға дайынмын", - дейді Матиссе. 

Еске салайық, бұған дейін Головкин мен "Канело" арасында өтетін бокс кешінде қазақстандық боксшының соңғы қарсыласы Дэниэль Джейкобс шығуы мүмкін деген мәлімет шыққан. Америкалық боксшының кеңесшісі Эл Хэймон қазіргі уақытта бұл бокс кешіне қатысу үшін Golden Boy компаниясымен келіссөз жүргізіп жатыр. 

Головкин мен "Канело" арасындағы кездесу 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы 20 мың жанкүйерге арналған T-Mobile Arena спорт кешешінде өтеді. Кездесуді НВО арнасы ақылы жүйе бойынша көрсетеді. 

Жарнама

Живи спортом!