Кәсіпқой бокс
2 қыркүйек 2022 12:26

Головкин қандай жағдайда "Канелодан" үстем болатыны айтылды

©twitter.com/GGGBoxing

Қазақстандық Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альварестен (57-2-2, 39 КО) өзінің мықты тұстарын айтты, деп жазады kupang.tribunnews.com. Ол әңгіме барысында Альварестің ресейлік Дмитрий Биволдан (20-0, 11 КО) оңбай ұтылғанын еске салды. 

"Маған өз стильімді өзгерту керек деп ойламаймын. Алдағы айқаста үстем түсу үшін Бивол секілді болу керекпін. Мақсатым - өзімді жақсы қырынан көрсету. Бұл кездесуге ерекше ден қойып отырмын. Көп жұмыс істеудемін. Өз стильімнен айнымасам, мен оны жеңемін. "Канело" да қазіргі уақытта дайындалуда. Ол Биволдан жеңіліп, өз-өзіне келді. Бірақ психологиялық басымдық менде", - деді Головкин. 

 Айта кетейік, Головкин мен "Канело" арасындағы үшінші кездесу 17 қыркүйек күні Лас-Вегас қаласында T-Mobile Arena спорт кешенінде болады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport