Профи-бокс
3 қазан 2017 10:52
 

Головкин жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмектесу үшін Мексикаға барады

  Пікірлер

blog.share

Головкин жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмектесу үшін Мексикаға барады ©HBOboxing

Орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО қазан айының екінші жартысында жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмектесу Максикаға ат басын бұрады. 

Бұл туралы ESPN Deportes басылымына Головкиннің промоутері Том Леффлер Әзірбайжанның астанасы Баку қаласында өтіп жатқан Бүкіләлемдік бокс кеңесінің 55 конгрессінде айтты. 

Ал Бүкіләлемдік бокс кеңесі басшыларының айтуынша, Головкин  Пуэрто-Рико, Флорида және Хьюстонда табиғи апаттан зардап шеккендерге көмектеседі. 

Еске салайық, бұған дейін 16 қыркүйек күні Лас-Вегаста отандасымыздың қарсыласы болған мексикалық Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) жер сілкінісінен зардап шеккен отандастарына бір миллион доллар көлемінде ақша аударып, көмектескен болатын. 

Мексикадағы 7,1 баллдық жер сілкінісі 19 қыркүйек күні болған еді. Соңғы деректер бойынша, бұл апаттан 360 адам қаза тапқан. Тағы төрт миллионға жуық тұрғын жарықсыз отыр. Елдің астанасы Мехико қаласының тұрғындарының көп бөлігі үй-жайсыз қалған. 

Головкиннің өзі болса жуырда ғана Германияның Гифхорн қаласында жартылай ауыр салмақта әлем чемпионы атағына үміткер Эдуард Гуткнехттің ұйымдастырған қайырымдылық кешіне барып, қайырымдылық қорына 25 мың доллар беріп кетті. 

Эдуард Гуткнехт өткен жылдың қараша айында Джорд Гроувзбен 12 раундық кездесу өткізді. Осы кездесуден кейін оның денсаулығы нашарлап, емханаға түсті. Дәрігерлер оның басына қан кеткенін анықтап, операция жасады. 

Биыл сәуір айында Гуткнехт әйелі дәрігерлердің шешімін айтты. Оның қорытындысы бойынша, боксшы енді жекпе-жектен алған жарақатынан кейін ешқашан толық жазылып кете алмайды екен. 

Айта кетейік, Гуткнехт әуесқой бокста жүрген кезінде Головкинді жеңген санаулы боксшылардың бірі. Бұл екі боксшы 2005 жылы Германияда өткен Chemie Pokal турнирінде кездесіп, неміс боксшысы жеңіске жеткен. 









blog.share
Орта
салмақтағы
WBA
(Super),
IBO,
WBC
және
IBF
тұжырымдары
бойынша
әлем
чемпионы
қазақстандық
боксшы Геннадий
Головкин
(37-0-1,
33
КО
қазан
айының
екінші
жартысында
жер
сілкінісінен
зардап
шеккендерге
көмектесу
Максикаға
ат
басын
бұрады. 
/>
/> Бұл
туралы ESPN
Deportes
басылымына
Головкиннің
промоутері
Том
Леффлер
Әзірбайжанның
астанасы
Баку
қаласында
өтіп
жатқан
Бүкіләлемдік
бокс
кеңесінің
55
конгрессінде
айтты. 
/>
/> Ал
Бүкіләлемдік
бокс
кеңесі
басшыларының
айтуынша,
Головкин 
Пуэрто-Рико,
Флорида
және
Хьюстонда
табиғи
апаттан
зардап
шеккендерге
көмектеседі. 
/>
/> Еске
салайық,
бұған
дейін
16
қыркүйек
күні
Лас-Вегаста
отандасымыздың
қарсыласы
болған
мексикалық
Сауль
"Канело"
Альварес (49-1-2,
34
КО)
жер
сілкінісінен
зардап
шеккен
отандастарына
бір
миллион
доллар
көлемінде
ақша
аударып,
көмектескен
болатын. 
/>
/> Мексикадағы
7,1
баллдық
жер
сілкінісі
19
қыркүйек
күні
болған
еді.
Соңғы
деректер
бойынша,
бұл
апаттан
360
адам
қаза
тапқан.
Тағы
төрт
миллионға
жуық
тұрғын
жарықсыз
отыр.
Елдің
астанасы
Мехико
қаласының
тұрғындарының
көп
бөлігі
үй-жайсыз
қалған. 
/>
/> Головкиннің
өзі
болса
жуырда
ғана
Германияның Гифхорн
қаласында
жартылай
ауыр
салмақта
әлем
чемпионы
атағына
үміткер Эдуард
Гуткнехттің
ұйымдастырған
қайырымдылық
кешіне
барып,
қайырымдылық
қорына
25
мың
доллар
беріп
кетті. 
/>
/> Эдуард
Гуткнехт
өткен
жылдың
қараша
айында Джорд Гроувзбен
12
раундық
кездесу
өткізді.
Осы
кездесуден
кейін
оның
денсаулығы
нашарлап,
емханаға
түсті.
Дәрігерлер
оның
басына
қан
кеткенін
анықтап,
операция
жасады. 
/>
/> Биыл
сәуір
айында Гуткнехт
әйелі
дәрігерлердің
шешімін
айтты.
Оның
қорытындысы
бойынша,
боксшы
енді
жекпе-жектен
алған
жарақатынан
кейін
ешқашан
толық
жазылып
кете
алмайды
екен. 
/>
/> Айта
кетейік,
Гуткнехт
әуесқой
бокста
жүрген
кезінде
Головкинді
жеңген
санаулы
боксшылардың
бірі.
Бұл
екі
боксшы
2005
жылы
Германияда
өткен Chemie
Pokal
турнирінде
кездесіп,
неміс
боксшысы
жеңіске
жеткен. 
/>
/>
/>
/>
/>
/>
/>
/>
/>
/>
Сауль "Канело" Альварес Головкин - Альварес Головкин Геннадий Кәсіпқой бокс

Жарнама

Живи спортом!