Профи-бокс
15 қыркүйек 2017 13:38
 
Головкин жеңіліс дегеннің не екенін білмейді, алайда ұтылған күннің өзінде ол қауіпті қарсылас болып қала береді - Хопкинс

  Пікірлер

blog.share

Головкин жеңіліс дегеннің не екенін білмейді, алайда ұтылған күннің өзінде ол қауіпті қарсылас болып қала береді - Хопкинс Бернард Хопкинс. © Тұрар Қазанғапов, Vesti.kz

Екі салмақ дәрежесінде бұрынғы әлем чемпионы, бүгінде Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясының серіктестік басқарушысы Бернард Хопкинс Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында дененің іріліг Геннадий Головкинмен өтетін жекпе-жекте ештеңе шешпейтінін айтты. 

- Головкинге қандай баға бере аласыз? Ол қандай боксшы?

- Головкин - талантты боксшы. Бұл боксшы жеңіліс туралы ештеңе білмейді. Егер "Канеломен" өтетін жекпе-жекте өзіне ыңғайсыз жағдайда сезінетін болса, бұл жекпе-жектің қалай өрбитінін өзгертіп жібереді. Бірақ менің ойымша, Головкин әрдайым қауіпті қарсылас болып қалады. Ол жеңілген күннің өзінде де шаршы алаңға қайтып келетін болса, қауіпті қарсылас болып қала береді. Оның әрдайым бір ғана соққымен жеңіске жету мүмкіндігі болады. 

- Сіздің ойыңызша Альварес Головкинді таңғалдыра ала ма?

- Головкин әрдайым жеңе беретін болғандықтан, оның жеңістері біркелкі. Сонымен қатар, біз "Канелоның" ең үздік сәтін көрген жоқпыз. Головкин Альвареске барын салуға түрткі болады. Бұл жекпе-жекте ақылға салып сайысқан боксшы жеңеді, физикалық тұрғыдан мықты болған ештеңені де шешпейді. 

Айта кетейік, Головкин - "Канело" жекпе-жегі 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада) T-Mobile Arena аренасында өтеді.

Сауль Канело Альвареске қарсы жекпе-жекте Геннадий Головкин орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO чемпиондық атақтарын қорғайды. Мексикалық "The Ring" журналының белбеуін бәске тігеді.

Жарнама

Живи спортом!