Головкин енді қандай жағдайда "Канеломен" кездесуге дайын екенін мәлімдеді
©:Ethan Miller/Getty Images
Орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) допинг дауына қарамастан әлі де болса мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен екінші кездесу өткізуге ниетті екенін мәлімдеді.
Алварес 5 мамыр күні Лас-Вегастағы T-Mobile спорт кешенінде өтуі керек болған екінші кездесудің алдында допингпен ұсталып қалды. Мексикалық боксшының екі бірдей допинг-сынағынан кленбутерол дәрумені табылды. Оның командасы бұл дәруменннің боксшының ағзасына бұзылған ет арқылы түскенін айтты. Кейіннен боксшының өзі отандасымызбен кездесуден бас тартып, алты айға бокстан шеттетілді.
"Канело" Головкинмен өтетін екінші кездесуінің алдында жалған сөз детекторынан өтуге келісім берді
Жуырда "Канелоның" Невада штатының Алтеттер комиссиясы (NSAC) ұйымдастырған допинг-сынақтан өткені белгілі болған еді. Дәл осы комиссия оны алты айға бокстан шеттеткен болатын. Тексерістің қорытындысы бойынша, мексикалық боксшының ағзасынан кленбутерол дәруменінің іздері табылған жоқ.
"Мен жылына үш немесе төрт кездесу өткізгім келеді. Егер Сауль қыркүйек айында жұдырықтасқысы келсе, біз көпшілікке бұл кездесуді ұйымдастырып береміз", - деп келтіреді Головкиннің сөзін BoxingScene.com порталы.
Бұған дейін промоутер Альварестің шаршы алаңға қыркүйек айында оралатынын айтып, басты мақсаттары - Головкинмен кездесу екенін жеткізді.

Жарнама