Профи-бокс
27 наурыз 2017 13:37
 
Головкин біздің жасаған ұсынысты қабылдаса, "Канелоға" қарсы кездесу өтеді - Де Ла Хойя

  Пікірлер

blog.share

Головкин біздің жасаған ұсынысты қабылдаса, "Канелоға" қарсы кездесу өтеді - Де Ла Хойя ©latimes.com

Сауль "Канело" Альварестың мүддесін қорғап жүрген Golden Boy Promotions промоутерлік компанияның иесі Оскар Де Ла Хойя орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкинге (37-0, 33 КО) әділ әрі қымбат ұсыныс жасадық деп ойлайды.

"Мен "Канело" және Головкин жекпе-жегі үшін алаңдап жүрмін. Келісімшарттарға қол қойып қыркүйекте жекпе-жек ұйымдастырамыз деп ойлаймын. "Канело" осы жекпе-жектің болғанын қалап отыр. Головкин - Джейкобс жекпе-жегінен түскен қаражатты ескере отырып, Геннадий біз жасаған ұсынысты қуана қарсы алуы керек. Бұл әділ әрі қымбат ұсыныс", - деді Де Ла Хойя Fighthype.com басылымына берген сұхбатында.

Осыған дейін, мексикалық боксшының промоутері Головкинге 15 миллион доллар міндетті гонорар ұсынғанын мәлімдеді. Сонымен қатар ол Головкиннің маусым айында жекпе-жек өткізетініне алаңдаулы, себебі сол кездесуде жарақат алып қалса ұыркүйекке дейін қайта қалпына келу қиынға соғатынын айтқан еді. Алайда GGG промоутері Том Леффлер өз әріптесінің бұл сұранысын қабылдаған жоқ.

Жарнама

Живи спортом!