Головкин Альвареспен екінші кездесуге 7 күн қалғанда WBC үшін салмағын өлшеді
Генадий Головкин (38-0-1, 34 КО) Сауль "Канело" Альвареспен өтетін екінші кездесуіне жеті күн қалғанда салмақ өлшеуден өтті, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Генадий Головкин (38-0-1, 34 КО) Сауль "Канело" Альвареспен өтетін екінші кездесуіне жеті күн қалғанда салмақ өлшеуден өтті, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Головкиннің салмағы - 163,8 фунт (74,3 келі). Салмақ өлшеу сәтінің суретін WBC президенті Маурисио Сулейман жариялады.
Ұйымның ережесі бойынша, чемпион мен титулға үміткер кездесуге 30 және 7 күн қалған кезде салмақ өлшеуі тиіс. Барлық ұйым үшін ресми салмақ өлшеу кездесуге бір күн қалғанда өтеді.
Еске сала кетейік, Альварес алғашқы кездесуде WBC үшін салмақ өлшеуден өтпеді, себебі чемпиондық белбеу тек Головкин үшін тігілген еді.
Кездесуден бір жыл өткенде боксшылар Лас-Вегаста тағы T-Mobile аренасында кездеседі. Жекпе-жек Астана уақыты бойынша таңертең 16 қыркүйекте өтеді.
Жарнама