Головкин - Альварес кездесуі боксты қайта жаңғыртады. "Канело" оны нокаутқа түсіреді - Де Ла Хойя
© ToFight.Ru
Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясының басшысы Оскар Де Ла Хойя Сауль "Канело" Альварес (48-1-1, 34 КО) және Геннадий Головкин арасындағы жекпе-жек биыл өтетініне уәде берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Сонымен қатар, промоутердің айтуынша, "Канело" кездесуді өз пайдасына мерзімінен бұрын аяқтайды. Де Ла Хойя Головкин кез келген адам сияқты әлсіз тұстары бар екенін айтты.
"Мен әрдайым "Канело" мен Головкиннің жекпе-жегі 2017 жылы болатынын айтып жүрмін. 2017 жыл - бұл бокс жылы, біз боксты қайта жаңғыртамыз. Мейвезер мен Пакьяо боксқа зиянын тигізді, бұл сорақылық болды, солардың кесірінен біз көптеген жанкүйерімізден айырылдық. Сол себепті биыл барлығын боксқа қайтаруымыз қажет. Менің ойымша, "Канело" бокстың құтқарушысы болады, егер ол Чавесті жеңетін болса, біз оның Головкинге қарсылас болатынын міндетті түрде көреміз", - деді ол.
"Мен әрдайым "Канелоның" Головкинді нокаутқа түсіретінін айтып жүрмін, менде оған еш күмән жоқ. Жұрт Джейкобстың Головкинді соққыға жыққанын айтып жүр. Бұл жақсы әрі жақын жекпе-жек болды. Барлық боксшылар секілді Головкиннің де әлсіз тұстары бар. Оның басқа адамдардан артықшылығы жоқ. "Канело" Головкинді нокаутқа түсірген сәтте менің сөзімді еске алыңыздар", - деді Де Ла Хойя K.O. Artist Sports басылымына берген сұхбатында.
Еске салайық, "Канело" 6 мамырда Лас-Вегас қаласында өзінің отандасы Хулио Сезар Чавеспен жұдырықтасады.

Жарнама