Профи-бокс
2 сәуір 2018 17:30
 
Головкин-Альварес арасындағы рематч қыркүйек айында өтуі ықтимал

  Пікірлер

blog.share

Головкин-Альварес арасындағы рематч қыркүйек айында өтуі ықтимал

WBC, WBA Super, IBF, IBO  тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен Сауль Альварес (49-1-2, 34 КО) арасындағы екінші жекпе-жек қыркүйек айында өтуі мүмкін, – деп хабарлайды  Fightnews.info сайты.

5 мамыр күні өтетін Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы рематч мексикалықтың допинг тесттен өте алмауына байланысты кейінге шегерілуі мүмкін. Бұл туралы белгілі америкалық бапкер, танымал бокс сарапшысы Тедди Атлас мәлімдеді. Ол өз сөзінде: «Мен бұл жекпе-жектің міндетті түрде болатынын айтқанмын. Сауль 6 айға спорттан шеттеліп, бұл кездесуді Мексика елінің тәуелсіздік күніне, яғни қыркүйек айына қарай ұйымдастырады. Неге дейсіз бе? Өйткені бұл қыруар қаражатты қалтаға басудың амалы. Бұл жекпе-жекке мамырда емес, қыркүйекте болсын», – деді Атлас.

Еске салайық, Головкинмен қарымта кездесуге екі ай қалғанда Альварестің қанынан кленбутерол атты допинг табылған. Мексикалықтың командасы мұны зарарлы етті тамаққа пайдаланумен байланыстырды. Дегенмен Невада штатының Атлетикалық комиссиясы Альваресті әзірге жекпе-жектерден шеттетті. Қорытынды шешім 18 сәуірде шығады.

Жарнама

Живи спортом!