Головкин алғашқы жеңілісіне қатысты пікір білдірді

Альварестен жеңілген Головкин алғашқы жеңілісіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Альварестен жеңілген Головкин алғашқы жеңілісіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Төрешілердің шешімі бойынша жеңімпаз Сауль Альварес: 115-113, 115-113, 114-114.
"Мен жекпе-жекте кімнің жеңгені туралы айтпаймын, себебі төрешілердің шешіміне сәйкес жеңіс "Канелоға" тиесілі. Жанкүйерлер үшін өте тамаша жекпе-жек болды деп ойлаймын. Мен оған қарағанда мықты жұдырықтасамын деп ойлағанмын", - деді Головкин.
Альвареспен үшінші кездесу өткізуге дайынсың ба деген сұраққа ол: "Дұрыс жағдай жасалса - иә", - деп жауап берді.
Альварес те Головкинмен тағы бір жекпе-жек өткізуге дайын екенін мәлімдеді. Сонымен қатар, мексикалық боксшы екінші жекпе-жекте таза жеңіске жеткенін және әзірше содан ләззат алғысы келетінін жеткізді.
Жарнама