Boxingnews24.com порталының шолуышысы Крейг Пейдж алдағы уақытта америкалық Дэнни Гарсия (37-3, 21 КО) мен қазақстандық Геннадий Головкин (42-2-1, 37 KО) арасында айқас ұйымдастыруға болатынын айтты, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Бірақ бұл айқасты ұйымдастыру үшін екі боксшы да келесі жекпе-жектерінде жеңіске жетуі керек. Гарсия қазіргі уақытта Эрисланди Ларамен, ал Головкин бразилиялық Эскива Фалькаомен кездесуі мүмкін.
"Егер Дэнни Гарсия Лараны жеңіп, орта салмақта WBA белбеуін иеленетін болса, онда ол келесі жылы Головкинмен кездесуі әбден мүмкін.
Головкин мен Гарсия кездесуі, көпшіліктің назарын өзіне аудара алады. Бірақ ол үшін Гарсия Лараны, Головкин Фалькаоны жеңу керек", - дейді Пейдж.