Профи-бокс
13 тамыз 2018 13:59
 

Голливуд жұлдызы Головкин - Альварес екінші жекпе-жегінде қазақстандық боксшының жеңісіне сенімді

  Пікірлер

blog.share

Голливуд жұлдызы Головкин - Альварес екінші жекпе-жегінде қазақстандық боксшының жеңісіне сенімді Марк Уолберг және Геннадий Головкин. © instagram.com/tomloeffler1

Америкалық актер әрі продюсер Марк Уолберг орта салмақта WBC, WBA (Super) және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) мен мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) арасында өтетін екінші кездесуде кімнің жеңімпаз болатыны туралы өз ойымен бөлісті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстандық пен мексикалық боксшы арасындағы екінші кездесуі 15 қыркүйекте АҚШ-тың Невада штатындағы Лас-Вегас қаласындағы T-Mobile аренасында өтеді. Бір жыл бұрын дәл осы жерде қос боксшы кіл мықтыны анықтай алмаған еді.

"Меніңше, Головкин бірінші жекпе-жекте жеңіске жетті. "Канелоның" да жұдырықтасуы маған ұнайды, бірақ ол Головкинді ұрып жығатындай емес. Головкин - нағыз жігіт, сонымен қатар ол ашуға булығып, ренжулі", - деді Уолберг BadCulture TV арнасына берген сұхбатында. 

Айта кетейік, биыл ақпанда Головкин Уолбергтің үйінде қонақта болды. Чемпион Голливуд жұлдызына қолтаңбарсы бар және қазақша ою-өрнегі бар боксшы қолғабын сыйға тартты. Өткен жылы қыркүйекте Уолберг Головкинге "Канеломен" өткен бірінші жекпе-жектен соң қолдау білдірді. 

47 жастағы Уолберг "Трансформеры", "Планета обезьян", "Третий лишний" және "Боец" фильмдері арқылы танымал болды. 2017 жылы ол екі фильмге түсіп, 67 миллион доллар табыс тапты. 

blog.share
Америкалық актер әрі продюсер Марк Уолберг орта салмақта WBC, WBA (Super) және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) мен мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) арасында өтетін екінші кездесуде кімнің жеңімпаз болатыны туралы өз ойымен бөлісті, - деп хабарлайды
vesti.
kz/">Vesti.
kz
.


Қазақстандық пен мексикалық боксшы арасындағы екінші кездесуі 15 қыркүйекте АҚШ-тың Невада штатындағы Лас-Вегас қаласындағы T-Mobile аренасында өтеді.
Бір жыл бұрын дәл осы жерде қос боксшы кіл мықтыны анықтай алмаған еді.


"Меніңше, Головкин бірінші жекпе-жекте жеңіске жетті.
"Канелоның" да жұдырықтасуы маған ұнайды, бірақ ол Головкинді ұрып жығатындай емес.
Головкин - нағыз жігіт, сонымен қатар ол ашуға булығып, ренжулі", - деді Уолберг BadCulture TV арнасына берген сұхбатында.
 

Айта кетейік, биыл ақпанда Головкин Уолбергтің үйінде қонақта болды.
Чемпион Голливуд жұлдызына қолтаңбарсы бар және қазақша ою-өрнегі бар боксшы қолғабын сыйға тартты.
Өткен жылы қыркүйекте Уолберг Головкинге "Канеломен" өткен бірінші жекпе-жектен соң қолдау білдірді.
 

47 жастағы Уолберг "Трансформеры", "Планета обезьян", "Третий лишний" және "Боец" фильмдері арқылы танымал болды.
2017 жылы ол екі фильмге түсіп, 67 миллион доллар табыс тапты.
 

Жарнама

Живи спортом!