Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (37-0-1, 33 КО) промоутері Том Леффлер мексикалық Сауль "Канело" Альварес командасымен екінші жекпе-жекті өткізу туралы келіссөздер жақын арада басталатынын айтты.
"Екінші жекпе-жектің келіссөздері сәтті өтетініне сенемін, себебі Альварес 12-ші раундқа соңына дейін шыдады. Сонымен қатар осы шара ьабысты болды, боксшылар ірі табыс тапты. GGG - "Канело" кездесуінің табысы Мейвезерге ғана жол беріп тұр. Реванштың болуына көрермендер де сұраныс білдіруде.
Біз келіссөздерді бүгін бастаймыз. "Канело" - Головкин үшін мақсат болып отыр, сонымен қатар басқа да үміткерлерді қарастырамыз. Саульге соңына дейін тұрғанына ризамын, бірақ бірінші жекпе-жекте Головкин ұпай санымен жеңді. Егер Головкин алдағы жекпе-жегінде жеңіске жетсе, ол 20-шы рет өз титулдарын қорғап қалған боксшы атанады. Осылайша ол Бернард Хопкинстің рекордын қайталайды, себебі бұл тарихи кеш болмақ", - деп жазады BoxingScene менеджердің сөзін.
Айта кетейік, Лас-Вегаста өткен жекпе-жек 12 раундтан тұрды. Жекпе-жек қорытындысы бойынша Головкин мен Альварес тең түсіп, Головкин барлық титулын сақтап қалды.
Сондай-ақ, кейінірек жекпе-жектің толық видеосы жарияланды. Сонымен қатар, Спорттық комиссия басшысы "Канелоның" пайдасына дауыс берген төрешіні шеттетті.

Жарнама