Геннадий Головкиннің шаршы алаңға қашан оралатыны белгілі болды
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО) келесі кездесуін алдағы жарты жылдың ішінде өткізуі мүмкін, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО) келесі кездесуін алдағы жарты жылдың ішінде өткізуі мүмкін, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Бұған дейін Головкиннің орта салмақта WBA нұсқасы бойынша рейтингте бірінші тұрған кубалық боксшы Эрисланди Ларамен (29-3-3, 17 КО) жекпе-жек өткізуге келісім бергені айтылды. Бүгін boxingscene.com порталы бұл кездесуге қатысты ақпаратты нақтылады.
"Комитет ұсынысты қанағаттарды. Егер Головкин "Канелоны" жеңгенде бес күннің ішінде (23 қыркүйекке дейін) қай салмақтағы белбеуін қорғағысы келетінін айтар еді. Енді ол орта салмақтағы белбеуін қорғайды. Ал міндетті қарсылас - Эрисланди Лара. Екі боксшыға да 120 күн уақыт берілді. Осы уақытта олар жекпе-жек туралы келісімге келу керек", - деп жазады дереккөз.
Жарнама