Жылдың үздік боксшысы атағына Головкиннен бөлек, тағы бес боксшысы - таиландтық Висаксил Вангек (Срисакет Сор Рунгвисаи деген атпен танымал) америкалық боксшылар Майки Гарсия, Теренс Кроуфорд, Джермелл Чарло және Деонтей Уайлдер үміткер болған еді.
Ал жылдың үздік жекпе-жегіне Головкин - Альварес кездесуінен бөлек Франсиско Варгас - Мигель Берчельт (екеуі де - Мексика), Баду Джек (Швеция) - Джеймс ДиГейл (Ұлыбритания) және Лео Санта Круз (Мексика) - Карл Фрэмптон (Ұлыбритания) арасындағы екінші кездесу үміткер болды.
Жеңімпаз WBC кеңесінің ресми сайтында жанкүйерлердің дауыс беруі арқылы анықталды.
FIGHTER OF THE YEAR: @GGGBoxing GOLOVKIN
— World Boxing Council (@WBCBoxing) 9 января 2018 г.
WBC Middleweight champion defended 2 times against world-renowned champions Danny Jacobs and Saul “Canelo” Alvarez establishing his position as the number 1 pound per pound fighter of the world. pic.twitter.com/2y6XbHAr18
Fight of the Year: @GGGBoxing vs @Canelo.
— World Boxing Council (@WBCBoxing) 9 января 2018 г.
A 12-round dramatic and highly-anticipated match between WBC champion Gennady Golovkin and former WBC Saul “Canelo” Alvarez, which resulted in a draw, with Golovkin retaining his championship and winning the Huichol Belt. pic.twitter.com/UZgfWUbnsW
2017 жылы Головкин екі кездесі өткізді. Отандасымыз алдымен 18 наурыз күні Нью-Йоркте төрешілердің шешімі бойынша америкалық Дэниэль Джейкобстан үстем түссе, кейін 16 қыркүйек күні Лас-Вегаста мексикалық Альвареспен тең түсті.
Жарнама