Геннадий Головкин жаттығу жұмыстарына қашан кірісетінін айтып берді
©: vk.com/ggolovkin
Орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF белбеулерінің иегері қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) The Ring журналына берген сұқбатында жаттығу жұмыстарын қашан бастайтынын айтып берді.
Сұқбат әлі толық шыққан жоқ. Бірақ RingTV және UCNLive тілшісі Стив Ким өзінің твиттер парақшасында сұқбаттың кейбір бөлігін жариялады.
"Головкин бізге Big Bear жаттығу базасына желтоқсан айында оралып, бірнеше апта жаттығу жасайтынын айтты. Ол залға командасының қасында болуы керек екенін де тілге тиек етті", - деп жазды Ким твиттер парақшасында.
Сонымен қатар тілшінің айтуынша, Головкин жуық арада карьерасын аяқтамай, жылына үш не төрт кездесу өткізгісі келеді екен.
Головкиннің The Ring журналына берген сұқбаты туралы қазақстандық боксшының промоутері Том Леффлер айтты. Әңгіменің тұздығы Головкиннің Кимнің сұрақтарына ағылшын тілінде емес, орыс тілінде жауап бергені болған.
Еске салайық, Головкин өзінің соңғы кездесуін 16 қыркүйек күні Лас-Вегас қаласында мексикалық Сауль "Канело" Альвареске (49-1-2, 34 КО) қарсы өткізді. 12 раундтың қорытындысы бойынша төрешілер тең нәтижені тіркеді. Осылайша қазақстандық боксшы өзіне тиесілі барлық белбеулерін сақтап қалды. Ал олардың екінші кездесуі 2018 жылдың 5 мамырында өтуі мүмкін.
Дегенмен де Головкин "Канеломен" өтетін кездесудің алдында, яғни осы жылдың соңына дейін тағы бір жекпе-жек өткізуі әбден ықтимал.

Жарнама