Профи-бокс
17 сәуір 2017 16:48
 
Гарсия Джейкобстың Головкинге қандай қиындықтар туғызғанын айтып берді

  Пікірлер

blog.share

Гарсия Джейкобстың Головкинге қандай қиындықтар туғызғанын айтып берді © Noah K. Murray-USA TODAY Sports

Екі салмақ бойынша әлемнің бұрынғы чемпионы америкалық Майки Гарсия отандасы Дэниэл Джейкобстың (32-2, 29 КО) қалай орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинге қарсы 12 раунд шыдап, қазақстандық боксшыға қиындық туғызғаны туралы айтып берді. 

"Мен бұл кездесуде Джейкобс жеңіске жетті деп ойладым және әлі де солай ойлаймын. Өйткені, ол шынымен жеңіске жетті. Сондықтан да мен оны (жеңімпаз етіп) таңдадым. Мен әуесқой бокста жұдырықтасып жүрген кезінен білемін. Оның денесі ірі, соққы ауыр, қимылы жылдам. Бұған дейін Головинге мұндай мықты қарсылас болған жоқ еді. Мен осыған дейін де Головкин үшін Джейкобс қиын қарсылас болатынын және жеңіске жетуі мүмкін екенін айтқан едім. Джейкобс жақсы жекпе-жек өткізді. Тіпті жеңіске жетуге жақын қалды. 

Бірақ Дэниэл түбегейлі Головкиннің осал тұсын таба алмады. Ол бұған дейін де мықты боксшыларға шығып, барлық белбеулерін ортаға тастады. Егер Головкинді де тура сондай жағдайға қойып, бірақ оған мықты боксшыны қарсылас ретінде таңдап алатын болса, басқа нәтиде тіркелетін еді. Қазір чемпиондардың өзін әртүрлі деңгейге бөлуге болады. Бұрнағы күні төрт чемпионның екеуі "нашар" екеуі "мықты" боксшы болуы мүмкін. Міне, осылай"-, дейді Гарсия ontae’s Boxing Nation порталына берген сұқбатында. 

Еске салайық, Головкин Джейкобсты 12 раундтың қорытындысы бойынша төрешілердің шешімімен жеңген еді. 

Жарнама

Живи спортом!