Статистик Дэн Каноббио соңғы он жылда бес салмақ дәрежесінде әлем чемпионы болған Флойд Мейвезердің әрбір дөп тигізген соққысы үшін қанша ақша алып отырғанын есептеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
2010-2017 жылдары аралығында Мейвезер статистикасы - 10-0 (2 КО). Каноббио мәліметінше, осы жекпе-жектерде Мейвезер 4270 соққы жұмсаған. Оның 1833-ін дөп тигізген.
Сарапшының есебі бойынша, Флойд осы жекпе-жектерден 915 миллион доллар табыс тапқан. Бұл дегеніміз әрбір дәл соққы үшін 499,2 мың доллар алып отырған.
Floyd Mayweather’s Decade:
— Dan Canobbio (@DanCanobbio) December 31, 2019
10 Fights, 10-0, 2 KO’s
1,833 Punches Landed
4,270 Punches Thrown
43% Overall Connect Pct.
$499,181.67 per landed punch
Әртүрлі БАҚ өкілдерінің мәліметінше, Флойд Мейвезердің жағдайы 560 миллион доллардан миллиард долларға дейін. Таяуда Forbes басылымы соңғы он жылдықтағы ең бай спортшы деп атады.