Профи-бокс
15 маусым 2017 08:04
 
Флойд Мейвезер мен Конор МакГрегор жекпе-жек өткізетінін ресми жариялады

  Пікірлер

blog.share

Флойд Мейвезер мен Конор МакГрегор жекпе-жек өткізетінін ресми жариялады ©twitter.co

Бокстан әр түрлі салмақта 12 рет чемпион атанған америкалық боксшы кіші Флойд Мейвезер мен UFC чемпионы ирландиялық Конор МакГрегор ресми түрде жекпе-жек өткізетінін жариялады, деп жазады Vesti.kz порталы.

Жекпе-жек 26 тамыз күні Лас-Вегас қаласында өтеді. АҚШ-та бұл кездесуді  Showtime арнасы ақылы жүйе (PPV) арқылы көрсетеді. 

"Бұл ресми!", - деп жазба қалдырды Мейвезер МакГрегормен бірге тұрған суретін жариялап. 

"Жекпе-жек өтеді!", - деп МакГрегорда Мейвезердің әкесіне қарсы тұрған суретті салып. 

Әзірше Мейвезер мен МакГрегордың командалары кездесудің қай жерде өтетінін жариялаған жоқ. 

THE FIGHT IS ON.

Публикация от Conor McGregor Official (@thenotoriousmma)

40 жастағы Мейвезер спорттық карьеарасын 2015 жылдың қыркүйек айында, бірде-бір жеңіліс таппай кеткен болатын. Ол кәсіпқой бокстың шаршы алаңында 49 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жетті. Осылайша ол бес салмақ дәрежесі бойынша әлем чемпионы атанды. 

28 жастағы МакГрегор болса ережесіз жекпе-жекте 24 кездесу өткізіп, 21 жеңіске жетсе, 3 кездесуде жеңіліп қалды. 19 кездесуін ирландиялық спортшы уақытынан бұрын жеңді. Екі жеңілісті ол карьерасын енді бастап келе жатқанда тапса, үшінші жеңілісін Нэйт Диастан тапты. 

Бұған дейін Мейвезер мен МакГрегор 16 қыркүйек күні кездесу өткізеді деген мәлімет тараған болатын. Бірақ кейіннен бұл күні орта салмақтағы WBC, WBA (Super), IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес (49-1-1, 34 КО) арасындағы кездесу өтетіні белгілі болды. 

Жарнама

Живи спортом!