Профи-бокс
28 қараша 2017 11:55
 
Флойд Мейвезер мен Геннадий Головкин кездесуі мүмкін бе?

  Пікірлер

blog.share

Флойд Мейвезер мен Геннадий Головкин кездесуі мүмкін бе? ©:: twitter.com/boxingcorner247

Бокстан бес салмақ бойынша әлемнің бұрынғы чемпионы америкалық кіші Флойд Мейвезер (50-0, 27 КО) шаршы алаңға қайта оралу үшін дайындық жұмыстарын бастады. 

Бұған дейін 40 жастағы Мейвезердің Лас-Вегас қаласында залдардың бірінде өзінің кәсіпқой бокстағы 51-ші кездесуін өткізу үшін дайындық жұмыстарын бастап кеткені белгілі болған еді. Бірақ америкалық боксшының келесі қарсыласы кім болатыны көпшіліктің көкейінде жүрген басты сауал болып тұр. 

Қазіргі таңда бокс жанкүйерлері кіші Мейвезердің келесі қарсыласы ретінде орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинді (37-0-1, 33 КО) көргісі келетіні жасырын емес. Тіпті кейбір шет елдік БАҚ қазірдің өзінде бұл кездесу туралы материалдарын арнап, шолу жасап жатыр. 

"Головкин үнемі 154 фунтта Мейвезермен кездескісі келетінін айтып жүр. Бірақ орта салмақтағы әлемнің үздік боксшысымен Флойд кездеспеуі де мүмкін. Дегенмен де Головкин бұл кездесуде барлық белбеулерін ортаға салатын болса, Мейвезер алты салмақ бойынша әлем чемпионы болуға келісіп те қалар. Қазір GGG-дің басты мақсаты 5 мамыр күні Сауль "Канело" Альвареспен кездесу өткізу. Мейвезермен кездесу үшін ол алдымен "Канелодан" үстем түсуі керек", - деп жазады Worldboxingnews.net порталы. 

Ал Boxingnews24.com порталының тілшісі Аллан Фокс болса Мейвезер өзінің келесі қарсыласы ретінде Головкинді таңдайтынына күмәнмен қарайтынын айтты. 

"Мейвезер өзінің келесі қарсыласы ретінде Сауль Альварес пен Геннадий Головкинді таңдайды дегенге сенуге қиын. Бұл жігіттердің соққысы ауыр. Флойд болса қартайып қалды. Қимылы да баяу. Бұл екі боксшымен жұдырықтасу Мейвезер үшін қауіпті. Алайда дәл осы боксшылармен кездесу өткізу Флойдқа қыруар ақша түсіретіні анық. Жартылай орта салмақта өнер көрсете алатын боксшылар арасында GGG мен "Канелодан" бөлек көпшілікке кеңінен танымал боксшылар жоқ", - дейді автор. 

Еске салайық, Мейвезер бұрындары да боксқа қайтып келген еді. 2015 жылы қыркүйекте ол кәсіпқой бокстан кететінін ресми түрде жариялаған еді, алайда ирландиялық файтер Конор МакГрегормен жұдырықтасу үшін шаршы алаңға қайтып келген еді. Жекпе-жек Лас-Вегаста 2017 жылы 26 тамызда өтіп, 10-шы раундта техникалық нокаутпен америкалықтың пайдасына шешілген еді.

Бұл Мейвезердің 50-інші жеңісі еді, ол бірде-бір рет жеңіліп көрген емес. Ол осыған дейін 27 кездесуді мерзімінен бұрын аяқтаған. Сол жекпе-жектен соң Флойд спорттан біржола кететінін жариялаған еді.

Жарнама

Живи спортом!