Америкалық Флойд Мейвезер (50-0, 27 КО) кәсіпқой боксқа қайта оралуы мүмкін, деп жазады vRinge порталы.
Мейвезер соңғы кездесуін 2017 жылдың жазында өткізіп, UFC ұйымының жұлдызы Конор МакГрегорды жеңген болатын.
"Биыл менде үш "шоу" кездесу өткізу жоспарда бар. Оның біреуі кәдімгі кәсіпқой жекпе-жек болуы мүмкін", - деді Мейвезер.
Сонымен қатар, бокс бұл кездесулерден 200 миллион доллар табыс табатынын да айтты.