Профи-бокс
5 желтоқсан 2017 13:17
 
Фируза Шарипова келесі кездесуінде екі белбеуге таласады

  Пікірлер

blog.share

Фируза Шарипова келесі кездесуінде екі белбеуге таласады Фируза Шарипова. Сурет с сайта allfight.ru

Қазақстандық бұрымды кәсіпқой боксшы Фируза Шарипова келесі кездесуінде тағы екі белбеуге таласады. Тарқатып айтсақ, отандасымыз бокс тұрған IBO белбеуінен бөлек, екінші жеңіл салмақтағы WBC Silver белбеуі үшін жекпе-жек өткізеді. Бұл туралы боксшының баспасөз қызметі хабарлайды. 

WBC Silver белбеуі WBC кеңесінің екінші деңгейлі белбеуі. Бұл белбеуді иеленген боксшы алдағы уақытта WBC чемпионының міндетті қарсыласы болады. Қазіргі уақытта бұл белбеу финляндиялық боксшы Ева Вальстремге тиесілі. 

"Біз бұған дейін де басты мақсатымыз WBC чемпиондық белбеуі екенін айтып келді. Еву Вальстрем Алматыға Фирузамен жекпе-жек өткізу үшін шақырған еді. Бірақ ол 30 желтоқсан күні жұдырықтасуға дайын емес екенін айтты. Қазіргі уақытта біз Ева Вальстреммен сәуір немесе мамыр айында жекпе-жек өткізу туралы келіссөз жүргізіп жатырмыз. Егер ол көктемде де жекпе-жектен бас тартса, оны чемпиондық белбеуден айырады. Фируза WBC Silver белбеуінің иегері ретінде WBC чемпионы Вальсреммен немесе басқа бір боксшымен жұдырықтасуы керек. Егер Ева бас тартса, белбеу бос тұрады", - дейді Шарипованың менеджері Сергей Завильский. 

Еске салайық, FSK Promotion ұйымдастырған EXPO-2017 халықаралық көрмесі аясында Астанада өткен бокс кешінде Шарипова болгариялық Милена Колеваны жеңіп, жеңіл салмақта WIBA және WBU белбеулерін жеңіп алған еді. 

Енді отандасымыз өзінің келесі кездесуін 30 желтоқсан қаласында бельгиялық Джемилла Гонтарюкке қарсы өтізеді. Бокс кешін "Алматы - Арена" спорт кешенінде өтеді. 

Жарнама

Живи спортом!