Профи-бокс
27 сәуір 2017 17:20
 
EXPO-2017 көрмесі кезінде WBC чемпиондық белбеуі үшін жекпе-жек өтеді

  Пікірлер

blog.share

EXPO-2017 көрмесі кезінде WBC чемпиондық белбеуі үшін жекпе-жек өтеді

Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясының президенті Ерлан Бекхожин Vesti.kz порталының тілшісі EXPO-2017 көресі кезінде тағы бір жекпе-жек кешін ұйымдастыратынын айтып берді. 

- Біз EXPO кезінде көрменің аймағында тағы бір жеке бокс кешін ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Бұл бір үлкен шоу болғалы тұр. Кештің құрметті қонағы Серік Қонақбаев болады", - дейді Бекхожин. 

- Бұл Қанат Исламның командасы ұйымдастырайын деп жатқан бокс кешінен бөлек болады ма?

- Иә, Қанат Ислам өзінің жеке бокс кешін ұйымдастырады. Ал EXPO көрмесінің аумағында тағы бір жекпе-жек кеші болады. Нақты қай күні өтетінін біз анықтаған жоқпыз. 25 немесе 28 тамызда болуы мүмкін. Қазір келіссөздерді бастаймыз. Қай боксшының бос екенін анықтаймыз. 

Мен Фируза Шарипованың промоутерімен сөйлестім. Олар көрме кезінде чемпиондық белбеу үшін жекпе-жек өткізуді қатты қалап отыр. Біз алда WBC кеңесінің президенті Маурисио Сүлейманмен келіссөз жүргіземін. Мықты мексикалық боксшыларды шақыруды сұраймын. Ал бокс кешінің басты жекпе-жегінде WBC кеңесінің чемпиондық белбеуі сарапқа салынады. Бұл белбеуге кім таласатынын құпия етіп отырмыз. Жанкүйерлерге тосын сый болады. 

Еске салайық, Бүкіләлемдік бокс кеңесінің 55 конвенциясы 31 тамыз бен 9 қыркүйек аралығында өтеді. Жалпы жиын барысында 500 делегат болады. Олардың қатарында WBC директорлар кеңесі, әлемнің қазіргі чемпиондары, чемпиондық атаққа үміткер боксшылар, танымал функционерлер, менеджерлер, промоутерлер, төрешілер, супервайзерлер және арнайы спикерлер болады.

Жарнама

Живи спортом!