ESPN сарапшысы Ербосынұлы мен оның қарсыласының мықты және осал тұстарын тізбектен берді
ESPN тілшісі Фернандо Барбоза Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында WBA белбеуінің чемпионына міндетті қарсыласты анықтайтын қазақстандық Айдос Ербосынұлы (15-0, 10 КО) мен гайаналық Аллен Леннокс (22-1-1, 14 КО) арасындағы кездесу туралы пікір білдірді. Сондай-ақ ол кездесудің фаворитін атады.
ESPN тілшісі Фернандо Барбоза Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында WBA белбеуінің чемпионына міндетті қарсыласты анықтайтын қазақстандық Айдос Ербосынұлы (15-0, 10 КО) мен гайаналық Аллен Леннокс (22-1-1, 14 КО) арасындағы кездесу туралы пікір білдірді. Сондай-ақ ол кездесудің фаворитін атады.
"Бұл қазақстандық боксшы үшін зор мүмкіндік. Ол WBA ұйымы тарапынан жақсы қолдауға ие. Ұйым оны біраз уақыт жекпе-жек өткізбесе де үздіктердің қатарында қалдырды. WBA Ербосынұлының болашағына сеніммен қарап отыр. Оның қарсыласы Аллен Леннокс - өте тәжірибелі боксшы. Өткен кездесуінде чемпиондық атағынан айырылды. Бірақ енді екінші мүмкіндік алды. Қарсыластар тең дәрежеде. Қай жеңгені чемпиондық кездесуге шығуға мүмкіндік алады. Егер айқас Қазақстанда өткен, онда әрине шаршы алаңның қожайын басымдыққа ие болады.
Дегенмен де Леннокс мұндай маңызды кездесулердің бір емес, бірнешеуін өткізген. Тәжірибесі бар. Ол қазақстандық боксшыдан биік әрі ірі. Иә, оның шаршы алаңға шықпағанына бір жылдай уақыт болды. Жасы да үлкен. Ербосынұлы да біраз уақыттан бері кездесу өткізбеді. Сол үшін боксшылардың мүмкіндігі бірдей. Анық фаворит жоқ. Екі боксшы үшін де маңызды жекпе-жек. Бізді қызық кездесу күтіп тұр", - деді Барбоза.
Бұл кездесу 12 қыркүйек күні Нұр-Сұлтан қаласында өтеді. Кездесудің жеңімпазы осы салмақта WBA белбеуінің иегері Сауль "Канело" Альварестің (56-1-2, 38 КО) міндетті қарсыласы болуы мүмкін.
Ербосынұлы соңғы кездесуін өткен жылдың желтоқсан айында Нұр-Сұлтан қаласында өткізіп, ганалық Исса Самирді (19-1, 16 КО) жеңді. Бұл кездесуде ол BC Asia, WBA International және WBO Global белбеулерін қорғап қалды.
Жарнама