Профи-бокс
31 қазан 2017 12:04
 
Эрисланди Лара Қанат Ислам өнер көрсететін бірінші орта салмақта қала беретінін айтты

  Пікірлер

blog.share

Эрисланди Лара Қанат Ислам өнер көрсететін бірінші орта салмақта қала беретінін айтты ©:Sports.ru

Бірінші орта салмақтағы суперчемпион кубалық Эрисланди Лара (25-2-2, 14 КО) осы салмақта қала беретінін айтты. Бұл туралы Вoxingtalk.com хабарлап отыр. 

34 жастағы боксшы бірінші орта салмақта қала беріп, Джанфранко Росиге (link is external) тиесілі белбеу қорғау бойынша көрсеткіштің жаңа рекордтын орнатуға ниетті екен. Орайы түскенде айта кетейік, Роси өзіне тиесілі IBF белбеуін қатарынан 11 кездесуде сәтті қорғаған. 

"Менің қазіргі мақсатым - белбеуімді тағы алты рет қорғап, бірінші орта салмақта рекорд орнату. Бұл салмақта мен әуесқойлар арасындада үстемдік құрдым. Бұған дейін Бернард Хопкинс көптеген жылдар бойы орта салмақта өнер көрсетіп, бізге үлгі көрсетіп кетті. Сондықтан да мен бұл салмақта ұзақ уақыта қалып, барлық белбеулерді жеңіп алуым керек", - дейді Лара. 

Айта кетейік, бүгін Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBA) бірінші орта салмақтағы суперчемпион кубалық Эрисланди Лара (25-2-2, 14 КО) мен осы салмақтағы чемпион аргентиналық Брайан Карлос Кастаньо (14-0, 10 КО) арасындағы кездесуді ұйымдастыратынын айтты. Жекпе-жек биылғы жылдың соңында немесе келер жылдың басында өтуі мүмкін. 

Бүгінгі таңда бірінші орта салмақтағы WBA белбеуі қазақстандық WBO NABO және WBA Inter-Continental белбеулерінің иегері Қанат Исламға (25-0, 20 КО) тиесілі. Бұған дейін аргентиналық тілші Кастаньоның негізгі қарсыласы Ислам болады деген болатын.

Жарнама

Живи спортом!