Энтони Джошуаға қарсылас болуға үміткер боксшы Алматыда жекпе-жек өткізеді
Аса ауыр салмақта өнер көрсететін америкалық боксшы Джермалл Миллер (25-0-1, 21 КО) шаршы алаңға 3 қазан күні қайта оралады, деп жазады Аllboxing.ru порталы.
Аса ауыр салмақта өнер көрсететін америкалық боксшы Джермалл Миллер (25-0-1, 21 КО) шаршы алаңға 3 қазан күні қайта оралады, деп жазады Аllboxing.ru порталы.
Бұл күні Миллер Алматыда ганалық боксшы Эбенезера Тетемен (20-1, 17 КО) қолғап түйістіреді.
Негізі америкалық боксшы төрт жылдай шаршы алаңға шықпады. Себебі ол допингпен ұсталып қалған болатын. Сол үшін де Джермалл 2019 жылы Энтони Джошуамен жекпе-жек өткізу мүмкіндігінен айырылды.
Содан кейін Миллер шаршы алаңға биыл маусымда Аргентинада оралды. Ол жергілікті боксшы Ариэль Эстебан Бракамонтемен (11-9, 6 КО) кездесуде жеңіске жетті. Содан соң шілде айында мексикалық Дерек Карденастан (8-10, 7 КО) айласын асырды.
Жарнама