Профи-бокс
12 шілде 2019 14:22

Энди Руис Ұлыбританияда Энтони Джошуамен реванш өткізуден бас тартты

Супер ауыр салмақта өнер көрсетіп жүрген мексикалық боксшы Энди Руис (33-1, 22 КО) Энтони Джошуамен (22-1, 21 КО) Ұлыбританияда реванш өткізуге үзілді кеісілді қарсы болды, - деп хабарлайды vringe.com.

Айта кетейік, 1 маусымда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында Джошуаны жеңіп, WBA Super, IBF, WBO титулдарын тартып алған еді. 

Боксшылардың келісімшартында көп күттірмей реванш өткізу туралы пункт бар. Осыған байланысты ұлыбританиялық боксшының командасы екінші кездесуді қалайда өткіуз керектігін алға тартып отыр. 

Джошуаның промоутері Эдди Хирннің айтуынша, келісімшартта ұлыбританиялық боксшының командасы қайда және қашан өтетінін шешеді, алайда Руис оған қарсы болып отыр екен. 

"Реванш Мексикада немесе қайтадан Нью-Йоркте өткенін қалаймын. Лас-Вегаста немесе Лос-Анджелесте өткізуге болады. Джошуа бұған келісе ме келіспей ме ол маған маңызды емес. Ендігіде мен "А тарапымын", яғни шартты мен қоямын. Менің уақытым келді. Сол себепті жекпе-жек Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді", - деді Руис.