Профи-бокс
12 қаңтар 2017 16:15
 

Елеусіновтің кәсіпқой бокста қай салмақта өнер көрсететіні белгілі болды

  Пікірлер

blog.share

Елеусіновтің кәсіпқой бокста қай салмақта өнер көрсететіні белгілі болды ©Vesti.kz

Бүгін ғана әуесқой бокстың қолғабын шешіп, кәсіпқой боксқа ауысқан Данияр Елеусінов алдағы уақытта қай салмақта өнер көрсетеді? Кәсіпқой бокста отандасымыз қалай дайындалады? Осы және өзге де сауалдардың жауабын алу үшін Vesti.kz порталының тілшісі боксшының әкесі әрі бапкері Марат Елеусіновке хабарласып, анықтап көрді.

blog.share

Бүгін ғана әуесқой бокстың қолғабын шешіп, кәсіпқой боксқа ауысқан Данияр Елеусінов алдағы уақытта қай салмақта өнер көрсетеді? Кәсіпқой бокста отандасымыз қалай дайындалады? Осы және өзге де сауалдардың жауабын алу үшін Vesti.kz порталының тілшісі боксшының әкесі әрі бапкері Марат Елеусіновке хабарласып, анықтап көрді.

- Марат аға, Даниярдың кәсіпқой боксқа өтті дегені рас па? Қандай промтоутерлік компаниямен келісім-шарт жасады?

- Иә, Даниярдың кәсіпқой боксқа өткені рас ақпарат. Бірақ, нақты әлі ешқандай промоутерлік компаниямен келісім-шарт отырған жоқ.

- Кәсіпқой  бокста ұлыңыз қай салмақта өнер көрсететін болады?

- Нақты әлі қандай салмақта өнер көрсететінін анықтаған жоқпыз. Әуесқой бокста білесіздер салмақ өлшеу рәсімі тура жекпе-жек өтетін күні болады. Сондықтан да спортшылардың қайта қалыпқа келуі мүмкін. Ал, кәсіпқой бокста бір күн бұрын салмақ өлшенеді. Спортшыларда күш жинап алу үшін бір күндері болады. Сондықтан да қай салмақта болса да Данияр салмақ куып, күш жинап үлгереді деп ойлаймын. Біз де оған ол жағынан көмектесетін боламыз.

- Демек, кәсірқой бокста Данияр әлі нақты қай салмақта өнер көрсететінін анықтап алған жоқ қой, иә?

- Иә. Шамасы 66 келіде өнер көрсететін шығар.

- Бұған дейін өзі өнер көрсетіп жүрген 69 келіде шықпайды ма?

- Жоқ. Кәсіпқой бокста 80 келі тартатын спортшылар 69 келіге дейін салмақ қуады. Сондықтан да 69 келіден бас тартып отырмыз.

- Ал, Даниярдың дәл қазіргі салмағы қанша?

- 72 келі. 

- MJA Entertainment's промоутерлік компаниясымен келісімге келді деп естідік. Келісімнің шарттары қандай?

- Қазір мен ол туралы ештеме айта алмаймын. Келісім-шартқа ресми түрде қол қойылсын, сол кезде барлығы белгілі болады.

- Неге бұл промоутерлік компанияны таңдадыңыздар? Естуімізше Даниярға Ресей, АҚШ елдерінің мықты компаниялары да ұсыныс жасапты ...

- Бұл промоутерлік компания бізге жақсы ұсыныс жасады. Сол үшін де келістік.

- Ұлыңыздың кәсіпқой бокстағы дайындықтарын да сіз өткізесіз бе? Әлде басқа да бапкерлер болады ма?

- Америкалық бір бапкермен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Ол Даниярды кәсіпқой бокстің стильіне үйрететін болады.

- Аға, әңгімеңізге рақмет. Алдағы уақытта тек табыс тілейміз. 

Жарнама

Живи спортом!