Профи-бокс
27 наурыз 2017 16:25
 
Екінші жекпе-жекте Уордты нокаутқа түсіремін - Ковалев

  Пікірлер

blog.share

Екінші жекпе-жекте Уордты нокаутқа түсіремін - Ковалев © The Russian Time

Әлемнің бұрынғы чемпионы Сергей ковалев (30-1, 26 КО) WBA (Super), WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Андре Уордты (31-0, 15 КО) нокаутқа түсіретінін тағы да айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Осыған дейін Ковалев америкалық боксшының шарттарына келісімін бергені туралы айтқан болатын.

"Андре Уорд екінші кездесуге (реваншқа) келісімін береді деп сенемін. Мен үшін ол түкке тұрмайтын адам. Мен келісімшартқа қол қойдым, яғни ол маған шарт қояды. Келісімшарттың аты келісімшарт. Менің мақсатым - екінші кездесу кезінде оны нокаутқа түсіру. Ол менің күшімді біледі. Ол менен қорықады", - деп жазады Ковалевтың сөзін BoxingScene.com басылымы.

Еске салайық, Ковалев пен Уорд жартылай ауыр салмақта WBA (Super), WBO және IBF тұжырымдары бойынша белбеудің иегері атануы үшін 20 қарашада Лас-Вегас қаласында кездескен болатын. 12 раундтық кездесудің соңында төрешілер бірауыздан жеңісті америкалық боксшыға берді. Осылайша ресейлік боксшы өзіне тиесілі титулдардың барлығынан айырылып қалған болатын. Сонымен қатар ол кәсіпқой бокс мансабында бірінші рет жеңіліс тапты.

Жарнама

Живи спортом!