Жеңіл салмақта өнер көрсететін мексикалық боксшы Мигель Васкес (44-11, 17 KO) Ноттингем (Англия) қаласында ұлыбританиялық Гэри Келлиден (14-0, 8 KO) жеңілді, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Мексикалық боксшы үшінші және төртінші раундтарда нокдаунға түсті. Ал бесінші раундта Гэри қарсыласын ауыр нокаутқа жіберді. Бұдан кейін Васкес кездесуде ары қарай жалғастыра алмады.
Еске салайық, 2019 жылдың қыркүйек айында қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (19-1, 15 КО) WBA Continental және IBF Inter-Continental белбеулері үшін Васкеспен кездесу өткізген болатын. Монреаль қаласында өткен жекпе-жекте отандасымыз төрешілердің шешімі бойынша жеңіске жетті.
Айта кетейік, Жүкембаев өзінің соңғы кездесуін өткен жылдың желтоқсан айында өткізіп, мексикалық Хосе Мартинес Альварестен (28-11, 20 KO) айласын асырды.