Профи-бокс
13 шілде 2020 15:31
 
Екі дивизионда жұдырықтасатын боксшы Головкинмен жекпе-жекке шықпақ

  Пікірлер

blog.share

Екі дивизионда жұдырықтасатын боксшы Головкинмен жекпе-жекке шықпақ Сурет: RingSide24

Орта және екінші орта салмақта өнер көрсететін украиналық боксшы Максим Бурсак (36-6-2, 16 КО) IBF белбеуінің иегері қазақстандық Геннадий Головкинмен (40-1-1, 35 КО) жекпе-жек өткізуге ниетті, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

Мұндай мәлімдемені боксшының өзі Instagram парақшасында жанкүйерлерінің сұрақтарына жауап беріп жатқан кезде жасады. 

Боксшының оқырмандарының бірі Бурсактан "Макс, Головкинмен жекпе-жек өткізу туралы ойлайсың ба?" деген сұрағына боксшы - "Бұл менің мақсатым", - деп жауап берді. 

Айта кетейік, 2017 жылы ол екінші орта салмақта мексикалық Хильберто Рамиреспен WBO белбеуін сарапқа салып, төрешілердің шешімі бойынша жеңіліп қалды. 

2019 жылы украиналық боксшы Головкиннің бұрынғы қарсыласы канадалық Давид Лемьемен кездесті. Жекпе-жек екі боксшы үшін де оңай болмады. Кездесудің қорытындысы бойынша, төрешілер жеңісті Лемьеге берді. 

Бурсак 2016 жылы чемпиондық белбеу үшін британдық боксшы Джо Сондерспен де кездесуге жақын қалған. Алайда, ол кезде Билли жарақатына байланысты жекпе-жектен бас тартты. 

Жарнама

Живи спортом!