Профи-бокс
29 қыркүйек 2017 10:58
 
Дычко кәсіпқой бокстағы бірінші кездесуінің алдында қарсыласымен көз арбасты

  Пікірлер

blog.share

Дычко кәсіпқой бокстағы бірінші кездесуінің алдында қарсыласымен көз арбасты

Кәсіпқой боксқа жуырда ғана ауысқан отандасымыз Иван Дычко өзінің бірінші жекпе-жегінің алдында қарсыласымен көз арбасты, деп жазады Vesti.kz порталы. 

Отандасымыз кәсіпқой бокстағы бірінші кездесуін 30 қыркүйек күні (Астана уақытымен) АҚШ-тың Даллас қаласында өткізеді. Иван Дычконың бұл кездесудегі қарсыласы 34 жастағы америкалық Эйбур Райт болады. Ол кәсіпқой бокс шаршы алаңында үш кездесу өткізіп, екі кездесуінде жеңіске жетсе, бір кездесуінде жеңіліс тапқан. 

Жекпе-жек төрт раундқа жоспарланып отыр. 

Айта кетейік, қазіргі уақытта Дычко жартылай ауыр салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы болған ресейлік Сергей Ковалевтің бұрынғы бапкері Дерек Сантос жаттықтырып жатыр. 

Жарнама

Живи спортом!