Профи-бокс
29 маусым 2017 15:02
 
Дычко дұрыс промоутерлік компания таңдамады - америкалық сарапшы

  Пікірлер

blog.share

Дычко дұрыс промоутерлік компания таңдамады - америкалық сарапшы

Америкалық Delcotimes.com порталының тілшісі Джэк МакКафери Vesti.kz порталының тілшісіне Олимпиада ойындарының чемпионы Иван Дычко бүгін ғана келісімшарт жасаған The Heavyweight Factory промоутерлік компаниясы туралы айтып берді. 

"Менің бұл компания туралы естуім бар. Олардың Шэнон Бриггс секілді өздерінің чемпиондары бар. Бірақ олар бокс кешінің андеркарттарына өздерінің боксшыларын көп шығарғанды жөн көреді. 

Дычконың әуесқой бокстағы көрсеткіші керемет. Менің білуімше - ол әлем чемпионаты мен Олимпиада ойындарында жүлде алған. Ал кәсіпқой бокста өзін жақсы қырынан көрсету үшін, ол бастапқы жекпе-жектерін жарқын өткізуі керек. Бұл промоутерлік комапниямен оған чемпиондық белбеуге таласу қиын болады. Негізі бұл промоушенді трамплин деп қарағанымыз жөн. Егер ол кәсіпқой бокста өзін шынымен жақсы көрсететін болса, онда мықты промоутерлердің назарын аударуы ықтимал", - дейді МакКаферри. 

Айта кетейік, 26 жастағы Дычко 2016 жылы Рио және 2015 Лондон қаласында өткен Олимпиада ойындарында қола жүлде жеңіп алған еді. Әуесқойлар арасында ол әлем чемпионында екі рет жүлдеге ілінді. 

Биылғы жылдың ақпан айында Дычко Олимпиада ойындарының чемпионы Данияр Елеусіновпен бірге автралиялық промоутер Майк Алматурамен келісімшарт жасады. Бірақ мамыр айында боксшылар бұл компаниямен келісімшартт бұзды. 

Жарнама

Живи спортом!