Профи-бокс
14 шілде 2017 12:03
 
Джошуа мен Кличко арасындағы екінші кездесу қайда өтеді?

  Пікірлер

blog.share

Джошуа мен Кличко арасындағы екінші кездесу қайда өтеді?

Аса ауыр салмақтағы WBA Super, IBF, IBO белбеулерінің иегері Энтони Джошуаның промоутері Эдди Хирн әлі де болса оның клиенті мен украиналық Владимир Кличко арасындағы екінші кездесуді қайта өтетінін ойластырып жатқанын айтып берді. 

Бұл екі боксшы арасындағы екінші кездесу Лас-Вегас қаласында өту әбден мүмкін. Қазіргі уақытта Лас-Вегастың екі бірдей спорт кешені - MGM Grand пен T-Mobile Arena бұл бокс кешін қабылдауға үмітті. Дереккөздің мәліметі бойынша, промоутер жекпе-жекті 11 немесе 18 қарашада өткізуді жоспарлап отыр. 

"Біз Лас-Вегаста Ричард Штурм және  MGM Grand спорт кешенінің қожайынымен кездестік. Сонымен қатар T-Mobile Arena ішін аралап шықтық. Расында екеуі де керемет кешендер. Екі спорт кешені де жекпе-жекті қабылдауға зор ниет білдіріп отыр. Менің ойымша, келесі аптада Джошуа мен Кличконың реваншы қайда өтетіні белгілі болады", - дейді Хирн Sky Sports арнасына берген сұқбатында. 

Еске салайық, Джошуа мен Кличко арасындағы 29 сәуір күні "Уэмбли" стадионында өткен кездесу британдық боксшының жеңісімен аяқталған еді. Ол жекпе-жектің 11 раундында Энтони қарсыласын нокаутқа түсірді.

Айта кетейік, T-Mobile спеорт кешені 20 мың жанкүйерге арналған. Дәл осы жерде 26 тамыз күні америкалық кіші Флойд Мейвезер мен ирландиялық Конор МакГрегор арасындағы кездесу өтсе, 16 қыркүйек күні қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес жекпе-жек өткізеді. 

Жарнама

Живи спортом!