Джошуа Кличконың орнына Ортиспен кездеседі
Бүкіләлемдік бокс ассоциациясы (WBA) ауыр салмақтағы осы ұйымның чемпионы Энтони Джошуа мен WBA рейтингінің бірінші сатысында тұрған Луис Ортисті жекпе-жек өткізуге міндеттеді. Бұл туралы BoxingScene порталы хабарлайды.
Негізі әу баста Энтони Джошуа — Владимир Кличко арасындағы кездесудің жеңімпазы 120 күннің ішінде Ортиспен жекпе-жек өткізу туралы келісімге келуі керек еді. Бірақ WBA Джошуа мен Кличко екінші рет кездесу өткізетін болғандықтан, жеңімпазды Ортиспен кездесу өткізуге міндеттеген жоқ. Енді украиналық боксшы карьерасын аяқтағаннан соң WBA бұл Джошуа мен Ортис кездесуін өткізуді міндеттеп отыр.
Бүкіләлемдік бокс ассоциациясы екі команданың өкілдері келісімге келіп, жекпе-жекті ұйымдастыруға 30 күн беріп отыр. Егер екі боксшының командасы келісімге келе алмаса промоутерлік сауда болады.

Жарнама