Профи-бокс
3 сәуір 2017 12:15
 
Джейкобстың белбеуіне үміткер боксшылар анықталды

  Пікірлер

blog.share

Джейкобстың белбеуіне үміткер боксшылар анықталды ©HBO.com

Орта салмақтағы Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBA) "аралық" чемпиондық белбеуіне үміткер боксшылар анықталды, деп жазады Vesti.kz порталы. 

Бұған дейін аталған белбеу америкалық Дэниэл Джейкобсқа (32-2, 29 КО) тиесілі еді. Бірақ ол 18 наурыз күні Нью-Йоркте төрешілердің шешімі бойынша орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннен жеңіліп, белбеуінен айырылып қалды. Қазір бұл белбеу бос тұр. 

Жапониялық Teiken Promotions промоутерлік компаниясының таратқан мәліметі бойынша, WBA тұжырымының аралық белбеуіне талас 20 мамыр күні, Токио қаласында өтеді. Оны кеңестің орта салмақтағы уақытша чемпионы Хассан Н'Дам Н'Жикам мен жапониялық Олимпиада ойындарының жеңімпазы, WBA рейтингінде екінші орында тұрған Риота Мурата сарапқа салады. 

Айта кетейік, Н'Жикам кәсіпқой бокс шаршы алаңында 37 кездесу өткізіп, оның 35-де жеңіске жеткен. Ал Муратаның 12 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. 

Жарнама

Живи спортом!