Джейкобс Головкиннен не себепті жеңілгенін айтты
WBA нұсқасы бойынша орта салмақта бұрынғы «тұрақты» әлем чемпионы Дэниэл Джейкобс енді жұдырық түйістірер болса, Геннадий Головкинді ұтатынына сенімді.
Америкалық спортшының пікірінше, бірінші айқастың өзінде-ақ ол жеңіске жетуге қажеттінің бәрін жасаған, алайда төрешілер басқаша шешім шығарған. «Екі раундта айқын басымдыққа ие болғанымды сездім, бірақ төрешілер басқаша шешім шығарды. Головкин қуатты панчер ретінде танымал, ал төрешілерге шабуылдай жүріп ұрыс салатын боксшылар ұнайды. Бұл мен ұстанатын «ұр да, соққы алма» деген нағыз бокстың мәніне қайшы келеді. Мен көбірек дәл соққы бергенім туралы көп айтылды (144-126). Боксшы ретінде мен басым түстім, бірақ менен гөрі көбірек джеб жасаған (105-32) Головкинге құрметімді білдіремін», - дейді Дэниэл Джейкобс Premierboxingchampions.com порталына берген сұхбатында.
«Ең кемі тең нәтиже болу керек еді. Жекпе-жекке барыңды саласың, ал төрешілер ойыңдағыдай шешім шығармайды. Бұл ашуыңды келтіреді. Сол айқастағы күштер арасалмағы 50/50 болды, келесі жолы кездескенде мен міндетті түрде Головкинді жеңеміз. GGG-ді нокаутқа жіберу өте қиын, бірақ менің әлдеқайда жылдам жұдырықтасатыным белгілі. Мен жекпе-жектің басынан-ақ агрессия танытуым керек. Егер мен көбірек қысым көрсетіп, оған қарсы нық тұрып, джебтерінен жалтара алғанымда, төрешілердің шешімімен жеңіске жеткен болар едім», - деп санайды боксшы.
Еске сала кетейік, Головкин - Джейкобс кездесуінде төрешілер жеңісті бір ауыздан қазақстандық былғары қолғап шеберіне берген болатын.

Жарнама