Джейкобс Головкинмен екінші кездесу өткізгісі келеді
Америкалық боксшы Дэниэл Джейкобс (32-2, 29 КО) қазақстандық Геннадий Головкинмен (37-0, 33 КО) екінші жекпе-жек (реванш) өткізгісі келеді. Бұл туралы BoxingScene порталына берген сұхбатында оның менеджері Кит Коннолли айтты.
Еске салайық, бұл екі бокс арасындағы бірінші кездесу 18 наурыз күні Нью-Йорктегі Madison Square Garden спорт кешенінде өтіп, төрешілердің шешімімен қазақстандық боксшы жеңіске жеткен еді.
Конноллидің айтуынша, Головкин мен Джейкобстың екінші жекпе-жегі GGG-дің мексикалық Сауль "Канело" Альвареске қарсы өткізетін жекпе-жегіне байланысты екен.
"Егер Головкин дайын болса, біз екінші кездесуді өткізуге келісеміз. GGG - "Канело" жекпе-жегі қыркүйек айында өтетін болса, біз бұл кездесудің де жеңімпазымен жұдырықтасуға дайынбыз. Менің ойымша, қарсылас таңдау тұрғысынан Дэнилдің қазір көп мүмкіндігі болады. Егер GGG - "Канело" жекпе-жегі болмайтын болса, көпшілік Головкин-Джейкобс арасындағы екінші жекпе-жекті көргісі келеді. Өйткені, бұл орта салмақтағы ең қызық жекпе-жектердің бірі болды.
Головкин өзінің кезекті кездесуін маусымда өткізсе, Дэниэл шілде не тамызда келесі кездесуін өткізуі мүмкін. Сосын жылдың соңында бұл боксшылардың екінші кездесуін ұйымдастыруға мүмкіндік болады.
Джейкобс Головкинмен екінші жекпе-жекті өткізгісі келіп отыр. Ол Головкиннен қорықпайды. Өткен жекпе-жектің орта белінен асқаннан кейін, Джейкобс жеңіс үшін көп жұмыс істеді. Егер ол тағы да осылай жұдырықтасатын болса, Головкинді оңай жеңеді",- дейді Коннолли.

Жарнама