Профи-бокс
3 тамыз 2020 10:09

Деревянченко Головкинді орта салмақтың үздік боксшылары қатарына қосты

Сурет: Ed Mulholland/Matchroom Boxing USA
Орта салмақта әлем чемпионы атағына екі рет үміткер болған украиналық боксшы Сергей Деревянченко A.B. Boxing News порталына берген сұқбатында орта салмақта қай боксшының мықты екенін айтты. 

Өз тізіміне Деревянченко орта салмақта, яғни 160 фунтта өнер көрсететін барлық чемпиондарды қосқан. Нақтырақ айтсақ, мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес (WBA Super), қазақстандық Геннадий Головкин (IBF және IBO), америкалық Деметриус Андраде (WBO) және өзінің келесі қарсыласы Джермалл Чарло (WBC) бұл тізімде бар. 

"Менің ойымша орта салмақтың үздіктері - "Канело", Головкин, Андраде және Чарло. Бұлардың барлығы дивизионның маңдайалды боксшылары. Бұл салмақта мықты боксшылар өнер көрсетеді. 

Чарлоға қарсы кездесу шоудың басты жекпе-жегі бола ма, жоқ па, маған бәрібір. Мықты айқас болайын деп тұр. Головкинге қарсы кездесудің алдында әр екі ай сайын VADA тест алып тұрды. Бірақ қазір тест тапсыруға мүлде қолайлы уақыт емес. 

Чарло мен Коробовтың арасындағы кездесудің алғашқы алты раундында Матвей жақсы жұдырықтасты. Алайда кейін шаршап қалды. Ал Джермалл болса керісінше алтыншы раундтан кейін ғана бар күшін ортаға салды", - деді Деревянченко. 

Еске салайық, Деревянченко Головкинмен 2019 жылы кездеседі. Бұл жекпе-жекте ол бір рет нокдаун алып қалды. Дегенмен де, ол кездесуде соңына дейін жеткізіп, тек төрешілердің шешімі бойынша жеңіліп қалды. 

Енді ол қырқүйек айында америкалық Джермалл Чарлоға қарсы кездесу өткізеді.