Кәсіпқой бокс
25 сәуір 2017 12:07
 
Демьяненко Қанат Исламның промоутерін сынға алды

  Пікірлер

blog.share

Демьяненко Қанат Исламның промоутерін сынға алды Қанат Ислам. © Vesti.kz

Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясының вице-президенті Виктор Демьяненко Vesti.kz сайтына берген сұхбатында қазақстандық боксшы, бірінші орта самақта өнер көрсететін Қанат Исламның келесі қарсыласы туралы өз пікірін білдірді.

"Мұндай жеңілісі көп қарсыластың не қажеті бар екенін білмеймін. Бұл Қанатқа шеберлік пен абырой алып келмейді. Қанат Ислам өңірлік деңгейден шығып, чемпиондық кездесулерге талпынуы тиіс. Оның промоутерінің не ойлағанын білмеймін. Ол тек Қанаттың ел аузында жүре бергенін қалайды, бірақ титулдық кездесуге мүлдем талпынысы жоқ. Бұлай бір-екі жыл жалғасуы мүмкін, содан кейін оның да уақыты келеді. Чемпион болып қалғаны дұрыс", - деді Демьяненко.

Маманның айтуынша, Қанаттың қанша жұдырықтасатыны белгісіз. Бір орында тұра беру өте қиын екенін жеткізді.

"Боксшылардың мақсаты қандай? Чемпион болу. Исламның промоутері мұндай мақсатты көксеп жүрген жоқ. Мен Қанатты боксшы ретінде адам ретінде де жақсы көремін, алайда оның өзін көрсете алмай жүргеніне іштей күйінемін. Негізінде оны бұрында көзге түскен, бірақ ол еш нәтиже көрген жоқ. Оны анау "Нельсон Мандела" көтеріп жатқан жоқ, бірақ біздің тараптан оған барлық көмек көрсетіліп жатыр.

Осыған дейін Қанат Исламның өкілі Берік Сұлтан келесі қарсыласы мен қашан өтетінін жариялады. Оның қарсыласы мексикалық Норберто Гонсалес болды.

Жарнама

Живи спортом!